Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары ХАБАРЛАНДЫРУ!
19 қараша 2026
1
0
0

ХАБАРЛАНДЫРУ!

2026 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығына қатысу туралы

Құрметті профессор-оқытушылар құрамы және ғылыми қызметкерлер!

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ 2026 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын тағайындау конкурсына қатысуға шақырады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №599 бұйрығымен бекітілген, 2026 жылғы 13 шілдедегі №333 бұйрықпен енгізілген өзгерістер ескерілген «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Құжаттарды қабылдау тәртібі

Конкурсқа қатысуға ниетті үміткерлер белгіленген үлгідегі өтінімді, ғылыми жетістіктерін растайтын материалдарды, ұйымның консультативтік-кеңесші органының ұсынымхатын және қағидаларда көзделген өзге де құжаттарды уәкілетті органның цифрлық платформасы арқылы ұсынуы қажет.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 24 қараша.

Өтінім беру платформасы: https://scicontest2026.kz

Ғылыми жетістіктерді бағалау критерийлері

Үміткерлердің ғылыми жетістіктері келесі негізгі көрсеткіштер бойынша бағаланады:

1.      Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәрежесінің болуы;

2.      Уәкілетті орган берген ғылыми атағының болуы;

3.      Таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық етуі;

4.      Ғылыми нәтижелерінің болуы және сапасы (ғылыми мақалалар, шолулар, монографиялар, патенттер және басқа да ғылыми жетістіктер);

5.      Беделді халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жетекші шетелдік ғалымдармен бірлескен жарияланымдарының болуы;

6.      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу пәндерін оқытуы;

7.      Философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін алған ғылыми кадрларды даярлауы;

8.      Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің практикаға және өндіріске енгізілуі;

9.      Ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және ықпалын арттыруға бағытталған қоғамдық қызметі.

Сыйлық мөлшері

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға «Үздік ғылыми қызметкер» куәлігі табысталып, республикалық бюджет қаражаты есебінен 2 000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде ақшалай сыйлық төленеді.

Кеңес алу және құжаттарды рәсімдеу

«ОҚМА» АҚ консультативтік-кеңесші органының қарауына материалдарды ұсыну, тиісті ұсынымхат алу және конкурсқа қатысу мәселелері бойынша Ғылыми жұмыстар бөліміне хабарласуға болады.

Мекенжайы: Академияның бас ғимараты, 401-кабинет.

Құжаттарды белгіленген мерзімде тапсыруларыңызды сұраймыз.

Пікірлер орны (0)