
2026 жылғы 20 қарашада «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент міндетін атқарушы Г.С. Айдарбекованың ұйымдастыруымен «Адам өміріне деген махаббат» акциясы аясында «Ертеңгі күніңді ойласаң, есірткіге жолама!» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға темекі мен есірткі заттарының адам денсаулығына тигізетін зиянын түсіндіру, зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың өз өмірі мен болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.
Іс-шараға «Медицина» және «Стоматология» білім беру бағдарламаларының 1–2-курс білім алушылары, соның ішінде В-СтОАБ-09-25 тобының студенттері қатысты.
Кездесуге Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері Одаман Меруерт Сәлімбайқызы қатысты. Маман никотин мен есірткі заттарына тәуелділіктің зардаптары, олардың алдын алу жолдары және денсаулықты сақтаудың маңызы туралы мазмұнды ақпарат берді. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби кеңес алды.
Кездесу барысында «Никотинді витаминге ауыстыр!», «Салауатты өмір – нұрлы болашақ», «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» және «Ертеңгі күніңді ойласаң, есірткіге жолама!» ұрандары арқылы жастар зиянды әдеттерден аулақ болуға, спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырылды.