
«Дәрілік заттардың технологиясы және фармация ісін ұйымдастыру» кафедрасында ФҚО-02-25 тобының білім алушылары арасында «Фармацевтикалық менеджмент және маркетинг» пәні бойынша «Zerde» ЖШС қоймасы базасында дуальді сабақ өткізілді.
Дуальді оқытудың практикалық базалары — «Zerde» ЖШС дәріханалары:
· № 1/1 дәріхана — Түркістан көшесі, 9/4;
· № 251 дәріхана — Момышұлы көшесі, 9;
· № 2 дәріхана — Желтоқсан көшесі, 28.
Практикалық дайындық барысында фармацевтикалық кеңес беру, кәсіби коммуникация дағдыларын дамытуға, сондай-ақ фармацевтикалық көмек көрсету кезінде келушілердің жеке қажеттіліктерін ескере білуге ерекше назар аударылады.
Дуальді оқыту теориялық білімді практикалық тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді. Бұл болашақ мамандардың фармацевтика саласында табысты еңбек етуіне қажетті кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді.