Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Дәрігер-интерндер өз жобаларын...
5 қараша 2026
1
0
0

Дәрігер-интерндер өз жобаларын қорғады

«Жалпы дәрігерлік тәжірибе – 2» кафедрасындакафедра меңгерушісі, м.ғ.д, профессор Досыбаева Г.Н. жетекшілігімен жобаға-бағытталған оқыту аясында дәрігер-интерндердің жобаларын қорғау өтті.
Жобаларды қорғауға «АМСК деңгейіндегі ішкі аурулар» пәні бойынша білім алып жүрген 616, 617, 618, 619, 624, 625 және 626-топтардың дәрігер-интерндері қатысты.
Жобалық жұмыстар профилактикалық медицинаның өзекті бағыттарына арналды:
* артериялық гипертензияның дамуына ықпал ететін факторлар;
• қант диабетінің алдын алу;
• жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының алдын алу;
• асқазан-ішек жолы ауруларының алдын алу.
Жобалармен жұмыс барысында интерндер созылмалы инфекциялық емес аурулардың дамуына әкелетін негізгі қауіп факторларын зерделеп, алынған деректерді жүйеледі және медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде жалпы практика дәрігерінің жұмысында қолдануға болатын профилактикалық ұсынымдар ұсынды.
Қорғау кезінде қатысушылар медициналық ақпаратты талдау, өз жұмысының нәтижелерін дәлелді түрде таныстыру, командада өзара әрекеттесу және халық денсаулығын сақтауға бағытталған практикалық шараларды ұсыну дағдыларын көрсетті.
Жобалық-бағдарланған оқыту теориялық білімді практикалық қызметпен ұштастыруға, клиникалық ойлауды, зерттеушілік дағдыларды дамытуға және болашақ дәрігерлердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Пікірлер орны (0)