Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Болашақ фармацевтерге профорие...
24 қараша 2026
1
0
0

Болашақ фармацевтерге профориентациялық бағдар беру кездесуі өтті

2026 жылдың 18 қарашасында «Фармация» факультеті деканатының ұйымдастыруымен ОҚМА жанындағы колледждің «Фармация» (09160100) мамандығы бойынша бітіруші 3-курс білім алушыларымен профориентациялық мақсатта кездесу өткізілді.
Кездесу барысында білім алушыларға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының (ОҚМА) «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша 3 жылдық оқу мерзімімен жоғары білім алу мүмкіндіктері, оқу үдерісінің ерекшеліктері және колледжден кейін жоғары білімді жалғастыру жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді.
Атап айтқанда, колледж түлектерінің «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша қысқартылған оқу мерзімімен (3 жыл) білім алу мүмкіндіктері түсіндірілді.
Сонымен қатар, жоғары фармацевтикалық білімнің кәсіби дамудағы маңызы, болашақ мамандардың мансаптық мүмкіндіктері және фармацевт мамандығының денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлі туралы айтылды.
Кездесу барысында бітіруші түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауаптар берілді. Сондай-ақ, білім алушыларға оқуға түсу тәртібі мен жоғары білім алу мүмкіндіктері бойынша қажетті түсіндірмелер ұсынылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – колледж бітірушілеріне жоғары білім алудың мүмкіндіктерімен таныстыру, кәсіби бағдар беру және фармация саласындағы білімдерін одан әрі жетілдіруге ынталандыру.

Пікірлер орны (0)