Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Бағалау, емтихан, грант, жата...
10 қараша 2026
1
0
0

«Бағалау, емтихан, грант, жатақхана және білім беру ұйымдарына қабылдау жағдайларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық»

Морфофизиология кафедрасында МҚАБ-03-04-26 тобының білім алушыларына «Бағалау, емтихан, грант, жатақхана және білім беру ұйымдарына қабылдау жағдайларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» тақырыбында түсіндіру лекциясы өткізілді.

Лекция барысында білім алушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, академиялық адалдық қағидаларын сақтау, емтихан тапсыру және білімді бағалау кезіндегі әділдік пен ашықтықтың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар грант бөлу, жатақханаға орналасу және білім беру ұйымдарына қабылдау үдерістерінде заңдылық пен әділдік қағидаларын ұстану қажеттілігі айтылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын нығайту.

Пікірлер орны (0)