
2026 жылғы 19 қарашада «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы мен «Adaldyk Hub» ұйымының бірлесіп ұйымдастыруымен «Кітап оқып, ой бөлісейік» жобасы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабын талқылау кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға әділеттілік, адалдық, жауапкершілік және заң үстемдігі құндылықтарын насихаттау, олардың сыни ойлауы мен белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Кездесуге «Медицина» және «Стоматология» білім беру бағдарламаларының 1–2-курс білім алушылары қатысты. Талқылау барысында кітапта көтерілген өзекті мәселелер мен ел болашағына қатысты тұжырымдар сараланып, білім алушылар өз пікірлерін ортаға салды. Олар әділетті қоғам құру әр азаматтың шыншылдығына, жауапкершілігіне және белсенділігіне байланысты екенін атап өтті.
Кешті кафедра меңгерушісі, PhD Ж.О. Нуржанбаева жүргізді. Іс-шара соңында белсенді қатысқан білім алушылар Алғыс хаттармен марапатталды.