
16.11.2026 ж. ОҚМА «Педиатрия-2» кафедрасының ассистенті, Г.М. Онласбекованың ұйымдастыруымен «Абай әлеміндегі ақ халаттылар» тақырыбында тәрбиелік-танымдық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара Оңтүстік Қазақстан Медициналық академиясы Кітапханалық- ақпараттық орталығының Конференция залында өткізілді.
Іс-шара мақсаты – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеу, шығармалары арқылы білім алушылардың бойында адамгершілік, мейірімділік, жауапкершілік және ізгілік қасиеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар, болашақ медицина қызметкерлерінің рухани дүниесін байытып, кәсіби этика мен дәрігерлік борыштың маңыздылығын түсіндіру.
Іс-шараға Медицина факультетінің «Педиатрия» мамандығының 4 курс, ВМ-ПҚБ-01/23 тобының білім алушылары қатысып, Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерінен тағылым алып, ұлы ойшылдың адамгершілік, білім, ғылым және еңбек туралы терең ойларымен бөлісті.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды құрметтеу, рухани байлықты бағалау және таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілікті арттыруға ықпал етеді.
Абай Құнанбайұлының айтқан адамгершілік пен ізгілік – әрбір ақ халатты жанның бойынан табылуы тиіс асыл қасиет!