Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Абай әлеміндегі ақ халаттылар...
11 қараша 2026
1
0
0

«Абай әлеміндегі ақ халаттылар»


2026 жылғы 6 қараша күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Абай әлеміндегі ақ халаттылар» тақырыбында танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараға В-ФҚАБ-01-26 тобының студенттері қатысып, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығы мен дүниетанымы, оның адамгершілік, білім мен ғылым туралы өсиеттері жайында ой бөлісті.
Іс-шараның мақсаты – Абай мұрасын насихаттау, студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және ұлы ақынның даналығын болашақ медицина мамандарының кәсіби ұстанымдарымен байланыстыру.

Пікірлер орны (0)