Кафедра тарихы
"Интернатурада және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтарының тізбесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы ҚРДСМ -89 бұйрығына сәйкес "ОҚМА" АҚ ректорының 28.08.2019 жылғы №720 бұйрығына сәйкес «Отбасылық медицина» кафедрасы ұйымдастырылды.
Кафедраның мақсаты
Кафедраның негізгі мақсаты – пациентке бағдарланған, қауіпсіз және сапалы медициналық көмек көрсетуге қабілетті, клиникалық ойлауы қалыптасқан, кәсіби құзыретті, ғылыми-зерттеу дағдыларын меңгерген және үздіксіз кәсіби дамуға дайын бәсекеге қабілетті медициналық мамандарды даярлау.
Кафедра заманауи медициналық білім беру талаптарына, дәлелді медицина қағидаттарына, клиникалық практика және ғылыми-зерттеу қызметінің өзара ықпалдастығы негізінде білім алушылар мен резиденттердің теориялық білімін, практикалық және клиникалық дағдыларын, кәсіби коммуникациясын, дәлелді медицина қағидаттарын қолдануын және дербес клиникалық шешім қабылдау қабілетін жүйелі түрде дамытуға бағытталған.
Кафедраның негізгі бағыттары
Сапалы білім беруді қамтамасыз ету – дәрігер-интерндер мен дәрігер-резиденттерге отбасылық медицина негіздерін, аурулардың профилактикасы, диагностикасы және емдеу әдістерін терең үйрету. Білім алушылардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру.
Клиникалық құзыреттілікті дамыту – клиникалық ойлау, пациенттің жеке ерекшеліктерін, отбасы мен әлеуметтік ортасын ескере отырып, профилактикаға, ерте диагностикаға, емдеуге және оңалтуға бағытталған медициналық көмек көрсету құзыреттерін қалыптастыру.
Дәлелді медицина қағидаттарын енгізу – клиникалық шешім қабылдауда заманауи ғылыми деректерді, клиникалық хаттамалар мен медициналық технологияларды тиімді пайдалануға үйрету.
Практикалық денсаулық сақтаумен ықпалдастықты дамыту – білім беру процесін денсаулық сақтау ұйымдарының нақты қажеттіліктерімен байланыстыру және клиникалық базалармен тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету.
Инновациялық білім беру технологияларын қолдану – симуляциялық оқыту, цифрлық технологиялар, клиникалық жағдайларды талдау және басқа да заманауи оқыту әдістерін білім беру процесіне енгізу.
Ғылыми-зерттеу қызметін дамыту – отбасылық медицина және терапия саласындағы өзекті мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және нәтижелерін практикалық денсаулық сақтауға енгізуге жағдай жасау.
Кәсіби этика мен жауапкершілікті қалыптастыру – медициналық этика, деонтология, пациент құқықтарын сақтау және кәсіби жауапкершілік қағидаттарын білім алушылардың кәсіби қызметінің негізіне айналдыру.
Үздіксіз кәсіби дамуды қалыптастыру – білім алушылардың өздігінен білім алу, кәсіби құзыреттерін үздіксіз жетілдіру және медицинаның жаңа жетістіктерін меңгеру мотивациясын дамыту.
Кафедраның ғылыми жұмысы
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы алғашқы медициналық-санитариялық көмек, терапиялық мамандықтар және профилактикалық медицина салаларындағы өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерделеуге, медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға, дәлелді медицина қағидаттарын клиникалық практикаға енгізуге және ғылыми-зерттеу нәтижелерін білім беру процесімен ықпалдастыруға бағытталған.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы баяндама және жарияланымдарымен республикалық, халықаралық ғылыми конференцияларға қатысады. Білім алушылар кафедраның ғылыми жобаларына, клиникалық зерттеулерге, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға және ғылыми жарияланымдар дайындауға тартылып, клиникалық мәселелерді ғылыми тұрғыдан талдау, дәлелді ақпаратты іздеу және бағалау, зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу дағдыларын меңгереді.
Кафедраның клиникалық жұмысы
Кафедраның клиникалық жұмысы пациенттерге заманауи, сапалы, қауіпсіз және пациентке бағдарланған медициналық көмек көрсетуге, диагностикалық және емдеу үдерістерін жетілдіруге, сондай-ақ клиникалық базаларда интерндер мен резиденттердің практикалық және кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
Кафедраның клиникалық базалары: №1, №8, №13 Шымкент қалалық емханалары, «Ай-нұры» медициналық орталығы, Облыстық кардиологиялық орталық.
Клиникалық практика барысында резиденттердің теориялық білімдерін нақты клиникалық жағдайларда қолдануына, клиникалық ойлауын дамытуына, медициналық шешімдерді дәлелді медицина қағидаттарына сәйкес қабылдауына жағдай жасалады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы дәрігерлер үшін білім беру семинарлары мен шебер-сыныптары өткізіледі. Кафедраның ПОҚ облыс және қала науқастарына тұрақты дәрігерлік кеңес жүргізеді.