
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ профессор-оқытушылар құрамын, зерттеушілер мен мамандарды Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті жанындағы ғылым жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысына қатысу мүмкіндігі туралы хабардар етеді.
Аталған сарапшылық кеңес отандық ғылымды дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылау және ғылым саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған.
Қызығушылық танытқан ғалымдар мен мамандар келесі бағыттар бойынша ұсыныстар жолдай алады:
Ұсыныстарды дайындау барысында нақты мәселені айқындап, оның негіздемесін көрсетіп, ықтимал шешу жолдарын ұсыну ұсынылады.
Ұсыныс беру тәртібі:
Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайтындағы «Қызмет» → «Сарапшылық кеңестер» бөліміне өтіп, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетін және тиісті бағытты таңдау қажет.
Ресми сайт: https://quryltai.kz/
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ғылыми қауымдастығын осы жұмысқа белсенді қатысуға шақырамыз.