Жүйке ауруларын емдеуде көпсалалы тәсіл және нақты зертханалық зерттеулердегі терапия тиімділігі
2025 жылғы 5 ақпанда Шымкент қаласында «Оңтүстік Қазақстандағы клиникалық неврология мектебі» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны ұйымдастырушылары: Оңтүстік Қазақстан неврологтар Ассоциациясы, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасы, Түркістан облысы және Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармаларының қолдауымен ұйымдастырылды.
Аймақтық ғылыми-практикалық конференцияны ашқан Оңтүстік Қазақстан неврологтар Ассоциациясының төрағасы, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Назира Асановна Жаркинбекова конференцияның Түркістан облысы, Тараз және Шымкент қалаларының поликлиникалары мен емдеу ұйымдарының невропатологтары үшін ғана емес, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының екінші курс резиденттері мен Ясауи атындағы ХҚТУ докторанттары үшін де маңыздылығын атап өтті.
Қазақстанның жетекші ғалымдары конференция қатысушыларына баяндамалар жасады. Мысалы, Қарағанды медицина университетінің неврология кафедрасының ассистенті, №2 балалар ауруханасының невролог-консультанты, Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының НМЗ бойынша координаторы Бақыт Джүсіпжанқызы Мырзалиева спинальды бұлшықет атрофиясын диагностикалаудың қазіргі әдістері туралы баяндады. Алматы қаласындағы невроздар мен Альцгеймер ауруларын емдеу орталығының директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Жібек Әллилұллақызы Жолдасова Альцгеймер ауруы бар науқастарға көмек көрсету және диагностика алгоритмдерімен бөлісті.
«Орфандық ауруларды диагностикалау мен емдеу – неврологияның басым бағыттарының бірі. Бұл ауруларды уақытылы анықтап, мамандардың көмек көрсетуі маңызды. Неврология мектептері осы бағытта айтарлықтай көмек көрсетуде. Бүгінгі шара да осының бір мысалы», - деді Н.А. Жаркинбекова.
«2017 жылы Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы Лондон университетінің неврология институтымен сирек пароксизмалды неврологиялық ауруларды зерттеу мақсатында SYNaPS халықаралық жобасы аясында ғылыми серіктестік туралы келісімшартқа қол қойды. Инициатива кафедрадан ғана емес, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының неврология кафедрасының доценті, Лондон университетінің неврология институтының ғылыми қызметкері Рауан Багданович Қайыржановтан да шықты. Бес жыл бойы біз осы аурулардың молекулалық-генетикалық себептерін анықтадық, бұл емдеуді жақсартуға, ал кейбір жағдайларда Қазақстанда қолжетімді препараттармен толық емдеуге мүмкіндік берді», - деп түйіндеді профессор Н.А. Жаркинбекова.
Миастения Гравис және емдеудің оңтайлы терапиясы мен әдістері туралы, неврологтың клиникалық тәжірибесінде мазасыздық-депрессиялық бұзылулар туралы өз баяндамасында Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасының медицина ғылымдарының кандидаты, доценті Гүлфариза Усенқызы Туксанбаева сөз қозғады.
Хроникалық вирустық гепатиттер кезіндегі когнитивті дисфункциялар туралы доктор PhD, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасының доценті міндетін атқарушы Татьяна Васильевна Полукчи баяндамасында атап өтті.
Сондай-ақ, невролог дәрігерлеріне, резиденттер мен медициналық университеттердің докторанттарына платформа беріліп, олар нақты клиникалық жағдайларда нақты зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша терапия тиімділігін, бас миы мен жұлын миының МРТ зерттеулерін жүргізу арқылы молекулалық-генетикалық деңгейде ауруларды анықтау бойынша өз жұмыстарын көрсетті:
Ерходжаева Нигара, невролог, ХҚТУ Х.А. Ясауи атындағы докторант, Түркістан, Қазақстан (Күрделі неврологиялық фенотиптерді диагностикалау алгоритмі);Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының 2-курс неврология резиденттері:Бауржан Эльдар (Фуникулярлы миелоз: асқазаннан жұлынға дейінгі жол);Қалжан Олжас (Прогрессивті супрануклеарлы паралич: медициналық тәжірибедегі сирек жағдайдың сипаттамасы);Базарова Айгерим («Қатты адам» синдромының клиникалық жағдайы);Абдумоминова Нигора (Түркістан облысындағы инсульттер динамикасы соңғы 5 жылда);
Момбеков Нұрлыбек – 1-курс докторанты, ХҚТУ Х.А. Ясауи атындағы Түркістан (Түркістан облысындағы эпилепсия эпидемиологиясы бүгінгі күні);
Баймаханова Гүлзира – 1-курс докторанты, ХҚТУ Х.А. Ясауи атындағы Түркістан (Эпилепсияның отбасылық түрлерінің дамуында генетикалық факторлардың рөлі) және басқалар.
«Оңтүстік Қазақстандағы клиникалық неврология мектебі» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция – Оңтүстік Қазақстан неврологтар Ассоциациясы мен Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасының ағымдағы жылы өткізілген алғашқы шарасы. Ассоциация құрамына Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы неврологтар ғана емес, сондай-ақ Тараз қаласының дәрігерлері де кірді. Жақын арада ассоциацияның сайты іске қосылады, онда нормативтік-құқықтық актілер, заңдар, гранттық жобалар ғана емес, сондай-ақ осы конференцияның баяндамашыларының кеңейтілген ақпараттары, презентациялары, хабарландырулары, байланыс телефондары жарияланады. Сайтта сондай-ақ қалаларда және шалғай ауылдарда адал әрі тынымсыз еңбек ететін невролог дәрігерлер туралы материалдар жарияланады. Бұл халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуге жаңа серпін береді», - деп түйіндеді ғылыми конференция жұмысының қорытындысын профессор Н.А. Жаркинбекова.
