«Жобаға бағытталған оқыту – білім сапасын жоғарылату кепілі» атты тақырыпта жоспар бойынша өткізілген әдістемелік семинары

2023-2024 оқу жылының 22 ақпанында оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жобаға бағытталған оқыту – білім сапасын жоғарылату кепілі» атты тақырыпта әдістемелік семинар өткізілді. Әдістемелік семинарда «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Сейтханова Бибігүл Төлегенқызы модератор болды.
Әдістемелік семинар қонақтары ретінде төмендегілер қатысты:
1. «Медицина» факультетінің деканы, м.ғ.к. – Сейдахметова А.А.
2. Оқу-әдістемелік орталық басшысының орынбасары – Бергалиева Р.Н.
3. Әдістемелік бөлімінің меңгерушісі – Рашева Б.М.
4. «Жалпы медицина» мамандығының ББК төрайымы – Калменов Н.Д.
5. «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология» кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессоры - Тоқсанбаева Ж.С.
Тыңдаушылар ретінде білім алушылар да қатысты.
Семинарда төмендегі спикерлер баяндама жасады:
1. Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының оқытушысы, докторанты Мусабеков Жанкельді Түймебекович – «Применение технологии проектного обучения на занятиях по фармацевтической химии».
2. Фармакогнозия кафедрасының оқытушысы Әбілова Арайлым Арманқызы – «Жобалық-бағытталған оқыту - 21 ғасыр дағдыларын дамытудың тиімді оқыту әдісі ретінде».
3. Биология және биохимия кафедрасының аға оқытушысы, SC&GL зертханасының ғылыми қызметкері Ажибаева-Купенова Дана Тынышбековна – «Жараларды емдеудің молекулалық және жасушалық механизмдері».
4. Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының аға оқытушысы Нуралиева Гульмира Нурпапаевна – Результаты ПОО по теме «Санитарно - микробиологическое исследование воздуха».
5. В-ФО-02-22 тобының 2 курс білім алушысы – Ілесбек Аннель «Обратная связь по результатам ПОО по микробиологии».
Әдістемелік семинардың әрбір қонағы өз пікірлерімен бөлісіп, қатысушылар мен кафедра ұжымына тілектер айтты, әсіресе кафедра меңгерушісіне үлкен алғыстарын білдірді. Баяндалған баяндамалардың тиімділігі мен өзектілігі туралы айтып өтті. Әдістемелік семинар жоғары дәрежеде өткізілді. Осындай іс-шаралар алда көп бола беруін тіледі. Және де осындай жобаларға білім алушыларды қызықтыру, оларды жобаларға көптен қосу және бағыттау туралы айтылды.

22.02.2024, 17:12
163 қаралым