Жатақхана студенттеріне ауызашар берілді
2021 жылдың 15 сәуір күні ОҚМА №1 жатақханасында Әлеуметтік мәселелер және Жастар саясаты басқармасы мен студенттік кәсіподақтың ұйымдастыруымен жатақхана студенттеріне ауызашар берілді.
Жатақханада жатқан 150 студентке дәмді палау тағамы мен салат, құрма, нан азық-түліктері таратылды. Іс-шара толықтай карантин талаптарына сай өткізілді.
Жатақхана студенттері игі іске ат салысқан жандарға үлкен алғыстарын білдірді.
16.04.2021,
08:31
