Жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және нығайту – қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі

«Терапия бакалавриат» кафедрасы 2015ж. ақпан айының бірінші жартысында, Шымкент қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің физикоматематикалық бағыттағы оқушылары арасында «Жасөспірімдер гигиенасы» және «Жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы» тақырыптарына кәсіби бағытталған оқыту өткізді.

Жасөспірімдердің тиімді тамақтануы мен жеке гигиена тәртібін сақтауы, олардың дұрыс өсуін, әртүрлі мүшелер мен тіндердің морфологиялық құрылымы мен қызметінің уақтылы жетілуін, психомоторлы және интеллектуалды дамуының тиімді көрсеткіштерін, ағзаның инфекция мен басқа да қолайсыз сыртқы факторлар әсеріне қарсы тұруын қамтамасыз ететін, ең маңызды жағдайлардың бірі болып табылады. Жасөспірімдердің тиімді тамақтануы мен гигиенасы, олардың денсаулық жағдайы сияқты, мемлекеттің ерекше көңіл бөлетін мәселелерінің бірі. Осыған байланысты «Терапия бакалавриат» кафедрасы қаламыздың орта мектептерінің оқушылары арасында, үздіксіз санитарлы-ағарту жұмыстарын жүргізіп отырады.

 

17.02.2015, 22:35
605 қаралым