«Жеті белес» атты әдеби шығармашылық кеші

29.11.24ж. Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында айтыскер ақын, Өзбекстан, Қазақстан, Халықаралық Жазушылар одақтарының мүшесі Бөрібай Оразымбеттің 70 жасқа толған мерейтойына арналған «Жеті белес» әдеби шығармашылық кеші мен «Жеті бел» атты өлеңдер жинағының тұсаукесер рәсімі өткізілді.
Іс шараның мақсаты: Жастарды өңірімізден шыққан танымал ақынның шығармашылығымен таныстыру болып табылады.
Шығармашылық кешке ақын-сазгерлер, туған туыстары және ОҚМА-ның 1 курс білім алушылары мен оқытушылары қатысты. Сонымен қатар Бөрібай Оразымбеттің шығармашылығына арналған «Ақ-Бөрі ақын» көрмесі жасақталып, жазушының шығармашылығы мен ғұмыр жолы кеңінен насихатталды.

03.12.2024, 17:21
186 қаралым