«Заңды білу-заман талабы» тақырыбындағы дөңгелек үстел болып өтті
2025 жылдың 05 наурыз күні «Жастар саясаты бөлімі» «Психологиялық қызметтің» ұйымдастыруымен, «Заңды білу-заман талабы» тақырыбындағы дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараға ОҚМА АҚ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім.Е.Қ., Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ -нің бөлім басшысы Бахадыр.Б.Б., Шымкент қаласы полиция департаменті Кибер қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, Полиция подполковнигі Айсаев.А.А., Шымкент қаласы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Карбеков.Б.Қ., Академия психологтары қатысты. Кездесу барысында мамандар жастарға зиянды заттардың қауіптілігі, жаңа психоактивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, жеңіл ақша табудың қүрбандарынан, сондай-ақ интернет алаяқтарының заңсыз істерінен мысалдар келтірді.Шара барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық кеңес алды.
