ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАҚСАРТУ

ОҚМФА қабырғасында «Фармация  мен медицинаның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғыстан елдерінен қатысушылар келді. 

569 1 

Конференцияның салтанатты  ашылу рәсімінде м.ғ.д., профессор, Мемлекеттік сыйлық  лауреаты А.Қ. Қарабеков айттып өткендей, Қазақстан бүгін –еуразиялық кеңістікте қарқынды дамып келе жатқан мемлекет, Қазақстанды Елбасы  қойған әлеуметті мақсаттардан таниды, сондай-ақ Президент бес институционалдық реформаны  жүзеге  асыру жөніндегі 100 нақты қадамның басым бағыттарын 2015 жылды 6 мамырында айқындады.

569 2

Бұл нақты қадамдар әлемнің қоғам қайраткерлері, банкирлер, басқару аппараттары, әйгілі ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлерінің  назарында.

569 3

Қоғам қайраткерлері, саясатшылар  және экономистер  Астанадағы  Қаржы Орталығының  ашылуына  баға берді. Қазақстандықтар сондай-ақ 100  нақты қадамның тиімділігіне күмән  келтірмейді, себебі ол басқарудың және елдің экономикалық  өркендеуінің жаңа қадамы болып  табылады.

569 4

Ғалымдар болса өз ғылыми,  ғылыми-техникалық  жұмыстарында инновацияны  енгізуде құлшыныс көрсету керек. Пленарлық  мәжілісте  келесі баяндамалар талқыланды:

И.М.Шарипова («Синтез и биологическая активность тиетан-содержащих производных 4,5-дибромими-дазола»), БГМУ, Уфа, Ресей; Н.Ж.Жумабек («Тактика хирурга при сочетанных ранениях грудной и брюшной полостей»), ОҚМФА  Шымкент, ҚР; Г.А. Мустапаева («Факторы риска повторного ишемического инсульта», ОҚМФА Шымкент, ҚР.;  Ж.Қауызбай («Региональные особенности распространения и течения болезней системы кровообращения в Казахстане»), ОҚМФА, Шымкент, ҚР; А.К. Патсаева («Исследование лекарственных растений Южного Казахстана, этапы развития»), ОҚМФА, Шымкент, ҚР.

569 5

Жеті секцияда жүзден астам баяндамалар талқыланды. Үздік баяндамашылар  дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

Конференция қатысушыларына сертификаттар табыс етілді, конференцияның  екі томдық жинағы, бағдарламасы электронды түрде басылып шықты.

Конференцияға м.ғ д.., профессор Дерибсали Сексенбаевич Сексенбаев (ОҚМФА), м.ғ.д., профессор Салахиддин Джураевич Аминов (Педиатриялық  медициналық институт, Ташкент қ,  Өзбекстан), м.ғ.д профессор Намазбай Жаппарович Орманов қатысып, баяндама жасады.

 

Р. ШАЙМЕРДЕНОВА, журналист.

10.06.2015, 05:05
520 қаралым