Халықаралық студенттермен «Гемблинг тәуелділігі-Ойынға құмарлық» тақырыбындағы кездесу
2025 жылдың 11 наурыз күні «Психологиялық қызметтің» ұйымдастыруымен, «Гемблинг тәуелділігі-Ойынға құмарлық» тақырыбындағы кездесу болып өтті. Кездесуде академия психологтары Калмагамбетова Б.К., Опышева А.Ж. түсіндіру жұмысын жүргізіп, лудоманияның қазіргі таңда қауіпті кеселдің біріне айналып келе жатқанына тоқталып, оның зияны мен адам өміріне тигізер қауіп-қатері жөнінде өз пікірлерін ортаға салды. Халықаралық студенттер оның түрлері, қауіптері және салдары туралы білді. Іс-шараны университеттің психологиялық қызмет мамандары ұйымдастырды.
Дебат барысында студенттер екі топқа бөлінді: бірі құмар ойындарды тек ойын-сауық деп қарастырса, екіншісі оны тәуелділік ретінде сипаттады. Талқылау нәтижесінде құмар ойындарға тәуелділік жай ғана ойын емес, шынайы тәуелділік екені анықталды.
Одан кейін студенттер тәуелділік белгілерін анықтауға арналған тесттен өтті. Кездесу алдын алу шаралары мен қолдау жүйелері туралы пікірталаспен аяқталды.
