Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі

2025 жылғы 4 наурызда В-ФК-01-24 және ВМ-СК-01-24 топтарының қатысуымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жастарға патриоттық тәрбие беру, тарихи жадыны сақтау және Жеңістің маңыздылығын насихаттау.
Бағдарлама барысында студенттерге Ұлы Отан соғысының тарихынан қызықты деректер ұсынылып, танымдық мәліметтер берілді. Сондай-ақ, халық ерлігі мен Жеңіс тақырыбында өлеңдер оқылып, баяндамалар жасалды. Өткізілген жұмыс студенттердің еліміздің тарихына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Іс-шара қатысушылардың Ұлы Жеңіс пен оның батырлары туралы білімдерін тереңдетуге, тарихи жадыны сақтау маңыздылығын ұғынуға мүмкіндік берді.
Студенттердің белсенді қатысуының арқасында іс-шара жоғары деңгейде өтіп, патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға және тарихи мұраға құрметпен қарауға ықпал етті.

06.03.2025, 09:55
176 қаралым