«Теріс пиғылды діни ағымдар мен экстремизмнің алдын алу мәселелері»

Қазақстан Республикасы алғаш Тәуелсіздіктің тұғырына қол жеткізген жылдары жұртшылықтың ой-санасын әлеуметтік-экономикалық мәселелер бірінші кезекке шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдегені байқалған-ды. Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әр түрлі діни экстремистік идеялар толтыруға тырысып бақты.

Сондай-ақ, еліміздегі діни-сенім бостандығы туралы заңның әлсіздігін пайдаланған шетелдік миссионерлер тамырларын жайып үлгерді. Экстремистік топтардың жансақ идеологиялары - ұлтаралық араздық пен алауыздыққа негізделген. Діни экстремизм өте ауыр әлеуметтік-құқықтық және психологиялық мәселе бола отырып, көпаспектілі де болып табылады. Демек, діни алауыздық, жеккөрушілік және дінді саясаттандыру секілді қисынсыз көзқарастары мен әрекеттері арқылы пайда болатын қоғамға кері әсерін тигізетін құбылыс болып табылады.

Осы орайда, 2015 жылдың 03 наурыз күні сағат 15:00-де академия үлкен мәжіліс залында тәрбие ісі бөлімі және Шымкент қаласы көлемінде дін мәселелері бойынша жұмыс жүргізілетін ақпараттық-насихаттық топтың (АНТ) ұйымдастыруымен, «Әлеуметтік бастамалар орталығының» дінтанушы, тиолог мамандарының қатысуымен академияның «Медициналық», «Фармацевтикалық», «Техникалық және кәсіби білім беру» факультеттерінің студенттері арасында дін мәселелері бойынша теріс пиғылды діни ағымдар мен экстремизмнің алдын алу мақсатында, «Теріс пиғылды діни ағымдар мен экстремизмнің алдын алу мәселелері» тақырыбында ауқымды кездесу өткізілді.

Қатысқан студенттердің көпшілігі басқарма мамандары мен ОҚМФА-ның жастар арасында дін мәселелері бойынша жұмыс жүргізетін ақпараттық-насихаттық тобына өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, керекті жауаптарын алды және кездесу соңында «Таблиғи жамағаты» атты фильмі көрсетілді.

 

10.03.2015, 04:30
790 қаралым