«Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы!»
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы 9 желтоқсан күні өткен «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы!» тақырыбындағы апталыққа ОҚМА шетелдік студенттерімен ағылшын тілінде кездесу ұйымдастырды. Мақсаты: елімізде көптеген шетелдік студенттер білім алып, тәжірибе алмасуда. Ол мемлекетіміздің дамығанын, беделінің өскенін, біліміміздің жоғары екенін білдіреді. Осы мақсатпен өткен сұхбаттасу қызықты, мазмұнды, нәтижелі болды. Шетелдік студенттерге қазақ елінің тарихы, мәдениеті, әдет-ғұрпы туралы түсінік беріп, халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетіміз насихатталды.
10.12.2024,
12:12
