«TarSU CUP» III дәстүрлі республикалық пікір сайыс турнир

2015 жылдың 20-22 ақпан аралығында Тараз қаласында М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті және облыстық «Еркін ойлар алаңы» Пікірсайыс орталығының ұйымдастыруымен  «Қазақ хандығының 550 жылдығы Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің, ынтымақ пен мәңгілік елдіктің белгісі» атты «TarSU CUP» III дәстүрлі республикалық пікір сайыс турнирі өткізілді.

Турнирге Қазақстанның барлық аймақтары ЖОО-нан пікірсайысшы бакалавр және магистратура дәрежесінде білім алатын жастардан 68 фракция қатысты, соның ішінде біздің студенттеріміз «Зиялы қазақ» дебат клубынан 4 студент (2 фракция) қатысты. 3 күнге созылған тартысты додада Академиямыздың студенттері Оразымбетов Нұрбол және Азимханова Балжан «Іріктеу» және «Жолдама» турларынан толық жеңіспен өтіп жартылай финалда ойын көрсетіп, жалпы командалық есеп бойынша 4-ші орынды, сонымен қатар «Көрермен көзайымы» номинациясын иемденді.

 

01.03.2015, 15:48
668 қаралым