ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ, ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУЛІК ЭКСКУРСИЯ

20.04.24ж. күні Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау күніне орай "Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер" кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамынан және «Заң», «Парасат» үйірмелерінің бір топ білім алушыларынан құрылған топ оңтүстік өңіріндегі тарихи жерлерге саяхат ұйымдастырды. Мақсаты: «білім алушыларды Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына өз үлестерін қосып, Ұлы Дала тарихының мол мұраларымен таныстыру болып табылады. Сайрам жеріндегі Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерінен бастау алған сапар Отырар ауданында орналасқан археологиялық қорық-музейіне бару жолымен жалғасты. Арыстанбаб кесенесіндегі бабалар рухына тағзым етілді. Келесі экскурсия бағыты Түркістандағы "Әзірет Сұлтан' мемлекеттік қорық-музейі аумағындағы архитектуралық кешендерді аралады. Тарихи танымдық ғана емес, ғылыми-зерттеулік негізіндегі саяхат сапарының әсері мол болды.
Саяхат тек тарихи нысандарды аралау және олармен танысумен шектелмей, әрі қарай ғылыми-көпшілік бағдарламаларымен жалғасын тапты.
Бұл экскурсияның танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық мәні зор болды. Тарих саласы мен ой-танымдық мәдениетіне және шынайы тәжірибе алмасуға бағытталған бұл саяхат көпке үлгі болары сөзсіз.

26.04.2024, 12:22
112 қаралым