Шымкент қаласы «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ әскери кафедрасының құрылғанына 24 жыл!

Бүгін Шымкент қаласы «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ әскери кафедрасының  құрылғанына 24 жыл толып отыр. Әскери кафедра Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды әскери оқытылған  резервін даярлауда және толықтыруда стратегиялық  міндеттерді орындауға бағытталған. Білікті және тәжірибелі маман, әскери кафедра бастығы запастағы подполковник  Касымбеков Асан Бөлегенұлы басқарып отырған ұжым профессорлық-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрамында тиісті лауазымды қызмет атқарған, әскери-педагогикалық тәжірибесі мол офицерлерден және еңбегіне адал азаматтардан құралған. Әскери кафедра түлектері аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

07.02.2025, 16:21
261 қаралым