Сыбайлас-жемқорлыққа жол жоқ

«Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасы тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жүзеге білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным, құқықтық сана мен құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында 2024 жылы 30 сәуірінде TedX форматында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында кездесу өткізді.
Аталған кездесуге кафедра оқытушылары мен ОҚМА комплаенс офицері Н.А.Пернебаев, сонымен қатар 50-ге жуық білім алушы қатысты. Кездесудің мақсаты: жемқорлықтың пайда болу себептерін және қоғамға келтіретін зиянын түсіндіру, жемқорлыққа қарсы теріс көзқарасты қалыптастыру; ар-намыс пен адалдықтың, азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын сезіндіру. Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық құқықтық тәртіпті әлсіретеді, бұл адам құқықтарының бұзылуына алып келеді, адамдардың өмір сүру сапасы нашарлайды, халықаралық қауіпсіздік, басқа да қауіп-қатерге ықпал етеді деген пікірге келді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың парызы.

03.05.2024, 11:37
85 қаралым