«ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ҒЫЛЫМ МЕН ТӘЖІРИБЕНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ- ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

2025 жылдың 29 сәуір күні «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен жедел жәрдем қызметкерлері күніне арналған «Шұғыл медицинадағы жасанды интеллект: ғылым мен тәжірибенің жаңа дәуірі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның мақсаты- озық ғылыми білімдермен, инновациялық шешімдермен және жасанды интеллектті шұғыл медицинада қолдану бойынша тәжірибемен алмасу үшін жетекші ғалымдарды, жедел жәрдем қызметкерлерін, технология жасаушыларды және жас ғалымдарды біріктіру.


 Іс-шараға Шымкент қаласының жедел жәрдем қызметкерлері, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы және жас ғалымдар қатысты. Конференция барысында медицина қызметкерлерін диагностикалауда, пациенттерді бағыттауда, шектеулі уақыт жағдайында шешім қабылдауда қолдауға қабілетті цифрлық технологиялар саласындағы озық әзірлемелер, сондай-ақ ғылыми зерттеулер, оның ішінде зерттеу дизайны мен әдіснамасы мәселелері туралы баяндамалар ұсынылды.


  Конференция қатысушылары жедел жәрдем қызметіне жасанды интеллект құралдарын енгізудің тәжірибесімен алмасты, этика сұрақтары, қауіпсіздік және жаңа шешімдердің тиімділігі мәселелері талқыланды. Медицина қызметкерлерін интеллектуалды жүйелермен жұмыс істеу дағдыларына үйретуге және шұғыл медицинада жасанды интеллектті қолданудың нақты жағдайларын талдауға ерекше назар аударылды.


 Конференция білім алмасу, кәсіби байланыстар орнату және жедел медицинада жасанды интеллект дамуының одан әрі бағыттарын қалыптастыру үшін маңызды алаңға айналды. Барлық қатысушылар іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтіп, одан әрі ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

29.04.2025, 15:13
86 қаралым