Студенттермен кездесу
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 40 жылдық мерейтойына арналған "Медицина мен фармацияның заманауи аспектілері: білім, ғылым және тәжірибе" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында, ОҚМА-ның Стоматологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі доцент Шукпаров Асылбек Баядилович студенттерге Қазақстан Республикасының, Ресейдің, Өзбекстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының белгілі ғалымдарымен профессорлармен кездесу ұйымдастырды.
Біздің студенттерге С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде балалар стоматологиясы саласында 55 жыл бойы қызмет атқарап келе жатқан белгілі ғалым, профессор Т.КСупиевпен сұхбаттасу қызықта өтті, Ресейдің ғалым-стоматологтары профессор С.РРузуддинов., профессор А.Д.Мамеков, профессор Қ. Б. Тулеевті профессор Р.Н.Жартыбаев таныстырды, Дағыстаннан профессор А.Г.Жахбаров баяндамамен келді, профессор Б.А.Бакиев қырғыз тәжірибесін ұсынды.
ОҚМА-да білім алатын Өзбекстаннан келген студенттер өз жерлестері Ташкент мемлекеттік стоматологиялық университетінің ортопедиялық стоматология кафедрасының профессоры Х.И Ирсалиевпен Ташкент институтының дәрігерлер білімін жетілдіру дентальды имплантология және жақ-бет хирургиясы, хирургиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі М.И Азимовпен жылы жүздесу болды.
Профессорлар өз жұмыстары туралы әңгімелесіп, шәкірттері туралы және өздерінің бағасыз тәжірибесімен бөлісті. Орта Азияға ғана емес алыс шетелге танымал құрметті ғалым-стоматологтар туралы көптеген қызықты эпизодтар айтылды.
