Студенттер Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде қонақта

2025 жылдың 25 ақпан күні ОҚМА АҚ белсенді студенттерінің Астана қаласына сапары аясында тәрбие жұмысын жетілдіру, әлеуметтік қолдау бағытындағы іс шаралармен танысу, студенттік өзін өзі басқару ұйымдарының құрылымымен танысу мақсатында Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде қонақта болды. Университет қызметкерлері жылы жүзбен қонақжайлықтарын көрсетіп күтіп алып, қысқаша тарихымен таныстырып кампусқа экскурсия жасады. Іс-сапар барысында екі университет арасындағы тәжірибе алмасу үшін алғашқы қадамның оң нәтиже бергенін алдағы уақытта кез келген бағытта ынтымақтастық орнатуға дайын екендерін жеткізді.

26.02.2025, 10:27
173 қаралым