Шет тілдері кафедрасы

2025 жылдың 11 ақпан күні Шет тілдері кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен «Кең болсаң, кем болмайсың!» қайырымдылық жəрмеңкесі өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты - кафедраға бекітілген ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жəне мүгедек студенттерге қаржылай көмек көрсету.
Сонымен қатар, аталған іс-шараға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 1 курс студенттері мен шет тілдері кафедрасының ұжымы жəрмеңкеге белсене қатысып, өздерінің қамқорлығын көрсетті. Нəтижесінде, 45000 теңге қаражат жиналды.
Шет тілдері кафедрасының ұжымы қайырымдылық жəрмеңкесінен түскен қаржыны С-ЕІҚ-9-02-21 тобының студенті Қалау Алинаға 45 мың теңге табысталды.

12.02.2025, 10:19
188 қаралым