Салауатты өмір салты

Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясы , «Жалпы тәжірибелік дәрігер -2» кафедрасының атынан кафедра меңгерушісі Гүлжан Нұрбекқызы Досыбаева  және кафедрамыздың білікті маманы Мая Әділбекқызы Таскынова ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты»- атты үлкен жобаның алғашқы іс шарасы «Ардагерлер үйінде» 31.01.2024, «Қарттар үйінде» 20.02.2024ж күні жоғарғы деңгейде өткізілді..
Жоба мақсатында «Салауатты өмір салтын» ұсыну арқылы-халықтың денсаулық жағдайын жақсарту.Қайырымдылық шараларға ат салысу мақсатында денсаулық жағдайын бағалау,профилактикалық іс шаралар жүргізу, әр түрлі топтағы адамдардың денсаулық критерилерін анықтау,ашық сауалнама шаралары жүргізілді.Денсаулыққа байланысты профилактикалық іс-шарадан басқа,қарттардың көңілін аулау мақсатында концерттік бағдарламалар қойылып,қарт кісілердің ерекше ықыласына бөленіп,батасын алып,ерікті дәрігер-интерндер өз тараптарына санасын дамыту,әрі жылы жүректі азамат болудың маңыздылығын шыңдай түсті.
Еріктілер қатарында Crown med ұжымы-I-ЖТДҚ-04-23 тобының дәрігер-интерндері :
Абдразахова Маржан Есболқызы,Бахтыбай Улдана Мұратқызы,Жасұзақ Ғани Нұрлыбекұлы,Жумабаев Тажаддин Даулетбайұлы,Қожамберді Айдана Бекбергенқызы, Турлыбаев Мақсат Азимбекович.
I-ЖТДҚ-15-23 тобының дәрігер-интерндері:
Қуаныш Жасұлан Фархатұлы,Келсін Жанәсіл Жарқынбекұлы,Сағынтай Ақбота Жеңісқызы,Өмірзақ Берікжан Еркінбекұлы.
100 ден аса қарттарымызға  профилактикалық іс –шаралар жүргізіп, үлкендердің батасын алды, «Ардагерлер үйі» әкімшілігі және «Қарттар үйі» тарапынан алғыс хаттарымен марапатталды.

26.02.2024, 16:45
118 қаралым