Сәтті сапар саған, бітіруші түлек!

589 1

2015 жылғы шілденің 3 күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының техникалық және кәсіби білім беру факультетінің бітіруші түлектеріне диплом беру рәсімін үлкен мәжіліс залында профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуымен салтанатты түрде өткізілді.

ТжКББФ-нің «Емдеу ісі», «Мейірбике ісі», «Фармация» және «Стоматология» мамандықтары бойынша 212 түлек бітіріп, оның ішінде Айдар Р., Зиябек Б., Есмурза Д., Әбдірәсіл А., Шарапат А., Исабек А., Көлбай А., Тобағабыл М., Шахзанда Б., Нұрланқызы Ж., Оразбекова З.,                 Аралқызы Ф., Касымов И., Абеева Б., Айтмұрза Г., Перде Ж.  үздік дипломмен оқуларын аяқтады.

589 2

Бітіруші түлектер  салтанатты түрде  «ДӘРІГЕРЛІК АНТ» қабылдады. 

Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, үлгілі нәтиже көрсеткен  түлектерді студенттік кәсіподақ ұйымы тарапынан арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Бітірушілерді ОҚМФА-ның оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Анартаева Мария Ұласбекқызына, морфология пәндер кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сисабеков Қасымхан Ермекбайұлына және  "Қоғамдық денсаулық сақтау-1" кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Булешов Мырзатай Абильдаұлына, ата-аналар тарапынан үздік диплом иегері Аралқызы Фаризаның әкесі Кенжебаев Арал Мошқалұлына құттықтау сөзі беріліп, факультетіміздің көшбасшысы,  емдеу ісі мамандығы 3 курс ЕІҚ -9-301 тобының студенті Иембердиев Қайрат пен «Мейірбике ісі» мамандығы 2 курс МІҚ-9-201 тобының студенті Таубай Айгерім өздерінің өлең шумақтарымен түлектерге ақ жол тіледі.

589 3

ТжКББФ-нің деканы М.Отыншиев бітіруші түлектерге өзінің ақыл-кеңесін бере отырып, құттықтап, ақ тілекпен біліктілік дипломдарын табыстады.

Салтанатты жиынның соңы факультет өнерпаздарының концертіне ұласты. 

589 4

Дайындаған: ТжКББФ деканаты

14.07.2015, 05:01
496 қаралым