Қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі және түрлері

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасында 06.12.2024 күні қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі және түрлері тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында ЖББП кафедра меңгерушісі Сатаев А.Т. білім алушыларға жол ережесін бұзушылықтың және жол апаттарының көп орын алып жатқанын, осындай құқық бұзушылықты болдырмау үшін білім алушыларға әкімшілік хаттама толтырылатыны туралы атап көрсетті. Сонымен қатар Әскери кафедра бастығының орынбасары отставкадағы подполковник Гульбаев Х.Р құқық бұзушылықтың, қылмыстың түрлерінің көбею себебтері және оның алдын алу бойынша қандай әрекеттер жасау керектігі туралы толық ақпарат беріп өтті. Қазіргі жаңа Қазақстанның болашағы осы жастар екені және ол жастар дені сау мәдениетті, оқыған болуы керек деп толықтырды. Білім алушылардың колледжге қымбат ұялы смартфон телефондарын алып келуін бақылауға алып, пәндерге керек кезде ғана пайдалануды ұсынды. Себебі қымбат ұялы телефон жоғалған кезде құқық бұзушылық анықталып, қылмыстық іс қозғалатыны айтылды. Әл-Фараби АПБ УПИ полковник капитаны Адилбаев Б.А студенттердің мезгілсіз уақытта тиым салынған орындарда жүруі және тойханаларда жұмыс істеуі әкімшілік хаттама толтырылып, ата-аналарына айыппұл салынатыны туралы түсіндіріп өтті.

06.12.2024, 16:22
161 қаралым