Құрметті Академияның қызметкерлері мен білім алушылары, сіздерді ОҚМА-2025 қысқы ғылыми мектебіне шақырамыз!

ОҚМА қысқы ғылыми мектебі-2025 – бұл жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін құру және жүргізу, сондай-ақ ғылым және медицина саласындағы ғылыми жобалар мен start-up іске асыру бойынша практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған білім беру және пікірталас алаңы.


Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 17-19 ақпан.
Өтетін орны: "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" АҚ, бас ғимарат, 1 қабат, үлкен мәжіліс залы.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Әл-Фараби алаңы, 1.

 

Мектеп бағдарламасы ғылыми жобаны дамытудың барлық циклін қамтиды:

 

✅ Идеяларды генерациялау және өзекті ғылыми бағыттарды іздеу;
✅ Жобаның тұжырымдамасын әзірлеу және жол картасын жасау;
✅ Мемлекеттік гранттарға өтінімдер дайындау;
✅ Инвестицияларды тарту және start-up-пен жұмыс істеу;
✅ Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және нарыққа шығу.

 

Дәрістерден басқа, қатысушыларды пікірталастар, буфеттер, кофе-брейктер және мәдени бағдарлама күтеді.

Байланыс мәліметтері: +7 708 250 88 09 (Разия Жақсыбекқызы).

10.02.2025, 14:57
160 қаралым