«Қожа Ахмет Ясауи оқулары» атты дөңгелек үстел

21.02.25 ж. күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы және ОҚМА кітапханалық- ақпараттық орталықпен бірлесе отырып «Қожа Ахмет Ясауи оқулары» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты- өскелең ұрпаққа ұлы түркі ойшылының философиялық, рухани және мәдени еңбектерін кеңінен насихаттау болып табылады.
Түркі әлемінің рухани көшбасшысы Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың мұрасына арналған іс шарада кітапхана қызметкерлері «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы» тақырыбында көшпелі көрме ұйымдастырды. Көрме қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың өмірі мен қызметін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру және телегей теңіз мұраларын насихаттауды мақсат тұтады.

Дөңгелек үстелге ОҚМА-ң жастар саясаты бөлімінің жетекші маманы Керімбекова Зина Қапанқызы мен 1 курс білім алушылары қатысып, Ясауи шығармаларының өзектілігін, қоғамға тигізетін әсерін, сондай-ақ оның мұрасын жаңаша көзқараспен зерттеу жолдарын талқылады.
Білім алушылар жасанды интелекті технологиясы арқылы арнайы Қожа Ахмет Ясауи еңбектерін тереңірек түсіндіре білді. Яссауи мұрасын зерттеуде, аударуда, сақтауда цифрлық технологиялардың маңызы зор екендігі айқындалды.

Аталмыш іс шараның ұйымдастыру жұмыстарына белсене қатысқаны үшін кафедрамыздың аға оқытушылары Л.Т. Махатова мен А.Ж.Ибраимова және 1 курс білім алушылары Алғыс хаттармен марапатталды.

24.02.2025, 10:25
165 қаралым