Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені

2025 жылғы 29 сәуір күні Шымкент қаласының «№10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз тұрғындарына Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді.
Іс-шара мақсаты – қарттарымыздың көңілін көтеру, оларға құрмет көрсету және еліміздегі бейбітшілік пен татулықты дәріптеу.
Іс-шара аясында түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық биі, әндері орындалып, қарттар назарына шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар, аталған іс-шарада «ОҚМА» АҚ –нан Дене тәрбиесі орталығының аға жаттықтырушы-оқытушысы Н.Б.Шораеваның жетекшілігімен ВМ-МШБ-12-23 тобының білім алушылары KARTIK және AISHWARYA өздерінің өнерлерін көрсетіп, жылы тілектерін білдірді.
Қарттар ерекше әсер алып, жастарға алғыстарын айтып, бірлік пен бейбітшіліктің қадірін ұмытпауға шақырды. Мұндай шаралар ұрпақтар сабақтастығын, құрмет пен ізеттілікті қалыптастырып, үлкенге деген ілтипатты арттырады.

29.04.2025, 14:53
96 қаралым