«Қазақ поэзиясының бояулары»

31 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті апталығының аясында «Қазақ поэзиясының бояулары» атты сурет салу байқауы өтті. Елімізде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері қаншама. Байқауға білім алушылар қазақ поэзиясындағы ақын – жазушылардың бейнесін және шығармаларын көркем бейнелеп, мағынасын ашты. Сонымен қатар, қазақ топтары арасында ұлттық қолөнер бұйымдарын жасап, насихаттады.
Әділ қазы алқалары: Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, Қазақстан Республикасы дизайнерлер одағының мүшесі Шилдерханов Алтай Қамалханұлы және Шамсиддин Дина Смайылқызы, Серикбоев Илияс Бойтемирұлы өздерінің әділ бағаларын берді. Байқау қорытындысы бойынша бірінші, екінші және үшінші орын алған білім алушылар дипломмен және алғыс хатпен марапатталды.
Сурет салу байқауынан:
1 орын Хатамова Лайло С-МІО.9-03.24
2 орын Карабаева Нафосат С-ЕІО.9-04.24
3 орын Яшаев Гапуржан С-ЕІО.9.04-24 тобының білім алушылар жеңіске жетті.
Қол өнер бұйымдарын дайындаудан:
1 орын Абдешова Сандуғаш С-МІҚ-9.01.24
2 орын Жанболатқызы Кәусар С-ЕІҚ-9.02.24
3 орын Абубакир Айшолпан С-МІҚ-9.02.24 тобының білім алушылар жеңіске жетті.

01.04.2025, 17:07
91 қаралым