«Қазақ киносының саңлағы» - Шакен Аймановқа 110жыл

Биыл 2024 жылы қазақтың кино өнерінің шоқтығы биік тұлғасы - Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына 110 жыл толды. Оның өмірі жарқын сәттерге, мансаптық өсуге және есте қаларлық суреттер мен рөлдерге толы болды. Аты аңызға айналған тұлғаның есімі Қазақстан тарихының шежіресінде мәңгі сақталады.
Танымдық кештің мақсаты: Ұлттың ұлы тұлғаларын дәріптеу арқылы өскелең ұрпақтың санасына өткенді қадірлеудің сіңдіріп, олардың саналы ғұмыр кешулеріне бағдар беру.
15.02.2024 ж. ОҚМА-ң тәрбие бөлімі және «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» мен «Әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедралары, А.С.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Ш. Аймановтың 110 жылдығына арналған «Қазақ киносының саңлағы» атты шығармашылық кеш өткізілді.
Аталмыш кешке Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, әнші Абылайхан Оспанов, қаламыздағы №9, №8 мектеп оқушылары мен ОҚМА-ның «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламаларының 1-2 курс білім алушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар, көрмеде қазақ киносының шежірелі бастамашысының жеке заттарын, марапаттарын, фотоматериалдар, құжаттар, кітап, сыйлықтарын көруге болады. Онда Ш.Аймановтың әйгілі туындылары, әсерлі түсірген фильмдері, актердің шығармашылығы, ғұмыр жолы кеңінен насихатталды.
Танымдық кештің ұйымдастыру жұмыстарына белсене қатысқаны үшін кафедра меңгерушісі Нұржанбаева Жанат Оралбаевна мен 1 курс білім алушылары Темірхан Дархан, Ермек Дидар, Мұрат Еркебұланға Алғыс хаттармен марапатталды.

20.02.2024, 14:52
204 қаралым