Қақпақтар - қайырымдылық пен экологияға қосқан үлесі

2021 жылдың наурыз айының соңынан бастап, Шымкент қаласында «Добряки Шымкент» еріктілер қозғалысымен көмегімен экологиялық қайырымдылық жобасы іске қосылды. Бір жылдың ішінде жоба Нұрсұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Орал, Қызылорда, Кентау сияқты басқа да қалаларда жалғасын тапты. Жобаның мақсаты - экологияны қорғай отырып, онкологиялық дертке шалдыққан балаларға көмектесу. «Қақпақтар өмір сыйлайды - экологиялық қайырымдылық жобасы аясында, сусындар мен сұйықтықтардың пластикалық қақпақтарын өңдеу арқылы, екіншілік өнім алады. Дайын өнімдерді сату арқылы жиналған қаражат, науқас балалардың еміне аударылады. Бүгінгі күнде, қаламыздың бірнеше сауда үйлері, қоғамдық тамақтану орындары, мектепке дейінгі мекемелер мен мектептер экологиялық қайырымдылық жобасына қатысуда. Сонымен қатар, жобаға «Гигиена және эпидемиология» кафедрасы да пластик қақпақтарды жинау акциясына қатысып, өз үлесін қосып келеді. Жоба аясында, кафедрада білім алушылар мен оқытушылар пластикалық қақпақтарды жинап, қабылдау пунктына өткізді. Сондай-ақ, еріктілер қозғалысының жетекшісінің арнайы алғыс хатымен марапатталды.

13.02.2024, 14:52
318 қаралым