Қалалық жастар кітапханасы және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Қазақ,орыс және латын тілдері кафедрасы ұйымдастырған «Мұны білген жөн» дөңгелек үстелі.

2024 жылдың 2 желтоқсан күні Қалалық жастар кітапханасы және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Қазақ,орыс және латын тілдері кафедрасы, А.С.Жакипованың жетекшілігімен 1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күніне орай «Мұны білген жөн» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Халықаралық ЖИТС-ке қарсы күрес күні жыл сайын 1 желтоқсанда аталып өтіледі. Бұл әлемдік АИТВ/ЖИТС эпидемиясының таралуын тоқтату қажеттігін еске салатын күн. Осы күнге байланысты «Мұны білген жөн» атты дөңгелек үстел өтті.Оған Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының врач-эпидемиологы - Абиева Роза Нұрмахановна, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің доценті - Жұматаев Нұрлыбек Срайылұлы, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы Жакипова Азиза Сейтжапбарқызы және медицина академиясының В-СҚ-01-024 тобының студенттері қатысты.

ЖИТС-тің пайда болуы, таралуы және белгілері туралы әңгіме қозғалды. АИТВ диагностикасы мәселелеріне аса көңіл бөлінетіні және қазіргі кезде қандай медициналық мекемелерде сараптама тапсыруға болатыны және олардың мекен-жайлары туралы ақпараттармен бөлісті. Студенттерге оны жұқтыру, жұқтырмау жолдары туралы да мәліметтер беріліп, жастарды салауатты өмір салтына бейімдеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

09.12.2024, 16:09
100 қаралым