Педиатриядағы өзекті мәселелер
2025 жылғы 16 сәуір күні Шымкент Облыстық Балалар ауруханасында Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының кафедралары арасында «Педиатриядағы өзекті мәселелер» тақырыбында резиденттерге арналған Халықаралық конференция өтті.
Аталған конференцияға «Педиатрия-2» кафедрасынан төмендегі резиденттер қатысып, баяндамалар жасады:
• Жұмаділда Назерке Азаматқызы, 2-оқу жылындағы резидент-гастроэнтеролог – "Балалар арасындағы асқазан-ішек инфекцияларының алдын алу мәселелері" тақырыбында баяндама жасады.
• Асырау Тұрсын Асырауұлы, 2-оқу жылындағы резидент-пульмонолог – "Шымкент қаласы бойынша балалар арасындағы пневмонияның жиі себептері және алдын алу шаралары" тақырыбында баяндама жасады.
Конференция жоғары деңгейде өтті. Резиденттер өзекті тақырыптарды жан-жақты талдап, кәсіби тұрғыда тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Мұндай іс-шаралар жас мамандардың ғылыми әлеуетін арттырып, педиатрия саласындағы білімін тереңдетуге септігін тигізеді.
