Қос мереке: «Ата Заң мен білім күні» құтты болсын!

592 1

2015 жылдың 1- қыркүйек күні Қазақстан республикасы Конституциясына 20 жыл толуына орай «Тәуелсіздік тірегі Ата Заңға-20 жыл!» тақырыбында, білім күніне орай және «Ұлт жоспары-100 нақты қадам» бағдарламасын түсіндіру мен насихаттау мақсатында ОҚМФА акт залында академияның профессорлы-оқытушылық құрамы мен биылғы жылғы талапкер-студенттердің қатысуымен жоғарыда аталған қос мерекеге және жаңа оқу жылына келген студенттерді қарсы алуға орай салтанатты мерекелік жиналыс өткізілді.

592 2

ОҚМФА оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор М.Ұ.Анартаева барлық оқытушылар мен студенттерді қос мерекемен құттықтады. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік -қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушысы Дарашева Замзагүл Бимахамбетқызы ҚР Конституция күніне арналған «Тәуелсіздік тірегі Ата Заңға-20 жыл!» және «Ұлт жоспары-100 нақты қадам» атты тақырыптарында негізгі баяндама жасады және де әр факультет декандары құттықтау сөздері мен жылы лебіздерін білдірді.

592 7

Кездесу барасында, студент жастарға оқу үрдісі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, академияның сыртқы және ішкі құрылымы таныстырылып өтті. Іс-шараның соңы- академияның өнерлі жастарының орындауында әсем әуендер шырқалып, ОҚМФА студенттерінің Әнұранымен өз соңына жетті.

592 3

592 4

592 5

02.09.2015, 06:11
429 қаралым