ОҚМА фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасында академиялық ұтқырлығы туралы
03.03.2025 - 07.03.2025 аралығында ОҚМА фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасында, JSS College of Pharmacy(Mysuru, India) серіктес университетіміздің Фармация факультеті фармакология кафедрасының оқытушысы Dr Dithu Thekkekkara іссапары өтті.
Доктор Диту Теккеккара өзінің іссапары барысында ОҚМА фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының студенттерімен, магистранттарымен және оқытушыларымен белсенді байланыста болды. Ол студенттер мен қызметкерлердің академиялық тәжірибесін байыта отырып, мазмұнды дәрістер оқыды, семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткізді. Өткізілген іс-шаралар барысында «Фармация» факультеті студенттерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарларына сәйкес тақырыптардан басқа, фармакология ғылымының әртүрлі негізгі тақырыптары бойынша өзекті мәселелер де қозғалды, оның ішінде:
1. Эксперименттік фармакологияда жиі қолданылатын құралдар;
2. Зертханалық жануарларға бауыр микросомальды ферменттерінің индукторларының әсерін зерттеу;
3. Клиникалық фармакология және дәрілік өзара әрекеттесу;
4. Дәрілік заттардың өзара әрекеттесуінің табиғаты мен клиникалық көрінісі;
5. Фармакодинамика мен фармакокинетиканың клиникалық аспектілері;
6. Дәрілік заттарды қолданудың жастық аспектілері;
7. Дәрілік заттардың жанама әсерлері және олардың әртүрлі факторларға тәуелділігі;
8. Фармакогенетика және хронотерапияның жалпы принциптері
Доктор Теккеккараның іссапары ОҚМА-дағы білім алмасу мен академиялық ынтымақтастыққа елеулі үлес қосты және серіктес университеттердің профессорлық-оқытушылар құрамының өзара академиялық алмасуларын жалғастырды және болашақта кафедра ұжымы бакалавриат және магистратура деңгейлерінде жоспарланған алмасуларын асыға күтеді!
