“ӨМІРДІҢ ЕКІ ТІРЕГІ: ҮЙРЕНУДЕН ЖАЛЫҚПАУ, ҮЙРЕТУДЕН АЯНБАУ”, Дінмұхамед Қонаев

2025 жылдың 19-наурызы күні Түркістан облысының Төтенше жағдайлар басқармасы ұсынысымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жастарға патриоттық тәрбие беруде және ҚР Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін "Қаһарман қазақ қызы-Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметова" естелік медалімен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының “Жалпы тәжірибелі дәрігер-2” кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Досыбаева Гүлжан Нұрбекқызы марапатталды.
Марапатты және төсбелгіні “ОҚМА” Ректоры Сейтжанова Жанна Серікжанқызы Гүлжан Нұрбекқызына табыстады. Қазақстанның дамуына, жастарға патриоттық сананың қалыптасуына қосқан еңбегімен құттықтап, шығармашылық табыстар, жаңа идеялар мен жетістіктер және жеке өмірінде сәттіліктер тіледі. Тәрбие ісі бойынша проректор Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы Гүлжан Нұрбекқызын құттықтап, толағай табыстар тіледі.
Құттықтаймыз, Гүлжан Нұрбекқызы!!!

20.03.2025, 09:59
242 қаралым