«Өлкеміздің тарихи көрнекті адамдары. Ауылым – асыл қазына», «Ерлікке тағзым – елдікке тағзым», «Ер есімі – ел есінде»

2025 жылдың 10 ақпанында студенттердің туған өлкесінің тарихына қызығушылығын арттыру, өлкеден шыққан тарихи тұлғалар мен батырлардың еңбегін насихаттау, патриоттық сезімді қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Ауылым – асыл қазына. Өлкеміздің тарихи көрнекті адамдары», «Ерлікке тағзым – елдікке тағзым», «Ер есімі – ел есінде» тақырыптарында үйірме сағаты өтті.
Іс-шара барысында студенттер туған өлкемізден шыққан белгілі тұлғалар туралы баяндамалар жасап, олардың елге сіңірген еңбектерімен таныстырды. Әр адамның туған жері – оның жүрегіне жақын, қасиетті мекен. Біздің өлкеміз терең тарихымен, бай мәдениетімен және атақты тұлғаларымен мақтануға лайық.
Өңірімізден шыққан елін, жерін қорғаған батырлар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, халық игілігі үшін қызмет еткен ойшылдар, сондай-ақ дін, руханият, спорт, әдебиет және өнер салаларының көрнекті тұлғалары аталып өтті. Олардың қатарында – Абылай хан, Өтеген батыр, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Мұхтар Шаханов, әл-Фараби, Арыстан-Баб, Қожа Ахмет Ясауи, Шәмші Қалдаяқов, Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Бекзат Саттарханов бар.

Студенттер туған өлкеге деген сүйіспеншілігін білдіріп, осы тұлғаларға арналған өлеңдер мен шығармалардан үзінділер оқыды. Сондай-ақ, «Туған жерге қызмет – азаматтық парыз» тақырыбында пікір алмасып, өлкеміздің тарихына, оның батырлары мен көрнекті қайраткерлеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, викторинаға қатысты.

13.02.2025, 11:20
256 қаралым