Олимпиада жеңімпаздары

Бұхара мемлекеттік медициналық институтында өткен «Морфология және хирургия» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық форумының жүлдегерлері “NSA” командасы ректордың қабылдауында болды. Жанна Серікжанқызы команда мүшелерін жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі!

 

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «NSA» командасы форумда жалпы командалық есепте жүлделі 3-орынды 🏅 иеленді.(Бұхара, 2025)

 

Жеке конкурстардағы жетістіктер:

1. «Хирургиялық түйіндер байлау» байқауы – 1-орын 🥇


2. «Хирургиялық құралдарды білу» байқауы – 1-орын 🥇


3. «Бауыр трансплантациясы» байқауы – 2-орын 🥈


4. «Торакоскопия» байқауы – 2-орын 🥈


5. «Бүйрек трансплантациясы» байқауы – 2-орын 🥈


6. «Ашық торакальды хирургия» байқауы – 2-орын 🥈


7. «Ересектер кардиохирургиясы» байқауы – 2-орын 🥈


8. «Жүрек-қан тамыр хирургиясының теориясы» байқауы – 3-орын 🥉


9. «Жүрек қақпақшаларын реконструктивті хирургия» байқауы – 3-орын 🥉


10. «Лапароскопиялық оң жақты гемиколэктомия» байқауы – 3-орын 🥉


11. «Бас сүйегін трепанациялау» байқауы – 3-орын 🥉


12. «Онкоурология» байқауы – 3-орын 🥉


13. «Урогинекология» байқауы – «Сәтті дебют» номинациясы 🏅


14. «Пластикалық хирургия» байқауы – «Сәтті дебют» номинациясы 🏅


15. «Лапароскопиялық нефрэктомия» байқауы – «Сәтті дебют» номинациясы 🏅

 

NSA командасын осы керемет жетістіктерімен құттықтаймыз!

04.03.2025, 18:15
132 қаралым