Наурызнаманың онкүндігіне сәйкес 20 наурыз — ұлттық спорт түрлері насихатталатын күн
Ұлттық спорт түрлері — рухты көтеретін ойындар. Ежелден келе жатқан салт-дәстүр мен ойын түрлерін ұлықтап, болашаққа үлгі еткеніміз жөн. Бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңгеге ілу, құсбегілік және тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту сынды түрлі ойындар бар. Бұл ойындар әсіресе, Наурыз мерекесінде кеңінен насихатталады. Осыған сәйкес "Дене тәрбиесі”орталығы оқытушылары академия білім алушыларына ұлттың болмысын көрсететін нағыз қазақи ойын түрлерін көрсетіп, арқан тарту, аударыспақ және тоғызқұмалақ, асық ату, ләнгі ату сынды спорттық ойын түрлерінен жарыс өткізді. Білім алушыларға өте қызықты болып, әрі танымдық ой салды.
19.03.2025,
13:36
