«НАШАҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ»

2025 жылдың 28-қаңтар күні «Жалпы тәжірибелік дәрігер-2» кафедра ассистенті Е.Т.Отумбаева І-ЖТДҚ 01-23 топ интерн-дәрігерлерімен бірге «Нашақорлық және оның алдын алу» тақырыбында тәрбие сағатын өтті.
Іс-шара барысында нашақорлықтың қоғамға және жеке тұлғаға тигізетін кері әсерлері, оның денсаулыққа зияны және әлеуметтік салдары жан-жақты талқыланды. Интерн-дәрігерлер нашақорлыққа алып келетін себептерді, оны анықтау жолдарын және алдын алу шараларын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, іс-шара соңында қала тұрғындарына нашақорлықтың қауіптілігі және одан қорғану жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы әрбір адамды нашақорлықтың алдын алуға белсенді араласуға шақыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Нашақорлық – бұл тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның дерті. Оны жеңу үшін әрқайсымыздың бірлескен іс-әрекетіміз маңызды.

29.01.2025, 11:41
320 қаралым