«Мемлекеттік тіл мәселелері және оны оқытудың заманауи әдістері» атты ғылыми-әдістемелік семинар

30.11.2023 жылы қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл мәселелері және оны оқытудың заманауи әдістері» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.
Семинарда қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының доцент м.а. А.Н.Қасымбекова, ф.ғ.к., доценттері Г.К.Темірбекова және кафедраның аға оқытушылары А.Т.Абдуллабекова, А.С.Жакипова, Ғ.Д.Оразымбетова, Д.Ж.Кемелхан тыңдаушылар назарын мемлекеттік тілдің өзекті мәселелеріне, тілді оқытуда тиімді әдістеріне аударып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, баяндамаларын оқыды.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының бағыты бойынша оқытушылар мемлекеттік тілді оқытуда сандық технологиялар мен тілдерді деңгейлеп оқытудың әдістері, жалпы қоғамда өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін қолданылуы туралы т.б. мәселелерді талқылады.
Семинарға белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

06.12.2023, 18:21
281 қаралым