«Мейірбандылық – жүректен, қайырымдылық – білектен» бағдарламалық қайырымдылық іс-шарасы

2023 жылдың 04-желтоқсанда «ЖТД-2» кафедрасының ІЖТДҚ 13-23 топ интерн-дәрігерлері, кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Досыбаева Гульжан Нурбековнамен және топ кураторы Отумбаева Еңлік Тойлыбековнамен Шымкент қаласындағы №4 Кәусар корпоративтік қор интернатына «Мейірбандылық-жүректен, қайырымдылық-білектен» атты бағдарламалық қайырымдылық іс-шара өткізді.
Мақсаты: Интернатта тәрбиеленіп жатқан қыздарға «Салауатты өмір салтының негіздері, анемияның алдын алу» тақырыбында ақпаратпен таныстыру, қыздарға шаттық көңіл-күй сыйлау, медициналық профилактикалық тексеру жүргізу.
Интернатта тәрбиеленіп жатқан қыздармен сәлемдесу-танысу «Салауатты өмір салтының негіздері, анемияның алдын алу» тақырыбында презентациямен жалғасты, Өмірқұлова Сара және Тұрсынбай Асхат ақпаратпен бөлісіп, қыздармен кері байланыс орнатты.
Есенбай Әсел және Құлбек Шапағат екеуі бірігіп «Ойлан, тап» ойыны арқылы балалардың білімін шыңдап көңіл-күйін арттырды, сыйлықтар сыйлады.
Интерн-дәрігерлер итернаттағы қыздардың денсаулық жағдайына тексеру жұмыстарын жүргізіп, оның нәтижелерін жеке параққа тіркеп, денсаулық жағдайына бағалау жүргізді.
Іс-шара соңында әр қызға жеке-жеке сыйлықтар таратылып, мерекелік дастархан жайылды. Қыздардың көңіл-күйлері көтеріліп, шаттыққа бөленді, мерекелік іс-шараның аяқталмауын қалағандай.
Осы жасалған жұмыстардың барлығын бейне таспалаған, қыздардың эмоциясын жеткізуге атсалысқан – Әріпхан Әлбану.
№4 Кәусар корпоративті қоры қыздар интернатының директоры Уәлиханов Бекжан Жұмабайұлы және интернат меңгерушісі Жылысбаева Фарида Мырзахметқызы «ЖТД-2» кафедра меңгерушісі Досыбаева Гульжан Нурбековнаға, Отумбаева Еңлік Тойлыбековнаға және ІЖТДҚ 13-23 топ интерн-дәрігерлеріне ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.
«Біз интернатта жасалған жұмысымыз оқу барысында алған білімдерімізге негізделген анемияның алдын алу шараларын түсіндірдік. Білімімізді тәжірибеде кеңінен қолданып, ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесін жинақтадық, жаңа тәжірибелік дағдыларды қалыптастырдық, балалардың жүзінен шынайы қуаныш пен алғысына риза болдық», деп қорытындылады интерн-дәрігерлер.

05.12.2023, 18:00
201 қаралым